2023 жылғы 15 қыркүйекте Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінің кітапханасында "Отбасылық құндылықтар" тақырыбында ЕТ-9-23-2, БҚЕ-9-23-2 топтарымен іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, адамгершілікке баулу, тәлім-тәрбие беру
Г.И Карипова студенттерге Бауыржан Момышұлының отбасылық құндылықтар жайлы "Ұшқан ұя" кітабын оқуды ұсынды. «Ұшқан ұя» кітабының қысқаша мазмұны туралы бейнеролик көрсетті. XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы, белгілі жазушы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы – жазушының ең танымал туындыларының бірі.
Іс-шарада Бауыржан Момышұлы бұл өмірдегі барлық нәрседен де тәрбиені жоғары қоятыны, адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттердің бәрін тәрбиемен тығыз байланыстырып қарайтыны, кітаптың алғашқы беттерінен-ақ адамдық қасиет, адамгершілік мұраттар - басты қадір-қасиет ретінде сипатталатыны айтылды.
Г.И Карипова: «Ұшқан ұя» адамгершілікке үндейтін, тәлім-тәрбие беретін көркем туынды екенін атап өтті. Білім алушылар ынтамен тыңдап, «Ұшқан ұя» кітабын оқуға қызығушылықтарын білдірді.