«Желбіре көк байрағым!»
2023 жылдың 24 қазаны күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Желбіре көк байрағым» атты іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара Мемлекеттік туды акт залына салтанатты алып кіру мен Қазақстан Республикасының Әнұранын салтанатты шырқаумен басталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Г.Құсаинова құттықтау сөзінде 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданғанын, сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастағаны, қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы болып саналғанын баяндап, елімізге, ұжымға, жастарға болашақ өзіміздің қолымызда , біздің бүгінгі біліміміз бен еңбегімізде, іскерлігімізде, дәстүрлі құндылықтарға беріктігімізге байланысты болатындығын баяндады.
Қоғамдық пәндер оқытушысы Б.С.Жұрқабаев «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның тарихи деректемелеріне тоқталып, Бұл күн бабалар аңсап жеткен, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн екендігін жеткізді.
Шығармашыл студенттер Республика күніне арналған өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқыды. «Елім-ай» би тобы еліміздің тарихын бейнелейтін композиция көрсетті. Күй тартылып, патриоттық әндер шырқалды. Іс-шара мазмұнды өтті. Көрермендер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жылы сөздерін жолдады.