Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде 20.10.2023 күні “Қазақстан Республикасы күніне” арналған «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру - бұл ең үздік мәдениеті!» акциясы өткізілді. Таңертеңгі жаттығуымыз кедергі жолағымен басталды. Оған барлық мұғалімдер мен студенттер қатысты. Спорт тақырыбында сауалнама жүргізілді.
Спорт залда №3 поликлиникамен бірлесіп студенттерге арналған эстафета жарысы ұйымдастырылды.
1 орын ОП – 9- 23 -1 тобы «Адреналин»,
2 орын ЕТ-9-23-4 тобы «Толағай» ,
3 орын ЕА-9-23-2 тобы «ЕА Sports» командалары жеңіп алды. Эстафета жалғасы мұғалімдермен волейбол ойынын ойнаумен аяқталды.