2023 жылдың 19 қазанында педагогтер Адырбекова Ү.Ж., Бисимбаева Г.Т. «Жаһандық құзыреттер» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: студенттердің өмірдегі орнын анықтауға қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативті дағдыларды, этикалық стандарттарды және мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға негізделген «Жаһандық құзыреттер» элективті курсын оқыту әдістерімен таныстыру.
Тренинг практикум форматында жүргізілді және үш кезеңнен тұрды, оның барысында педагогтер курстың 6 юниті бойынша теориялық білім алып қана қоймай, топтық жұмыс барысында оларды іс жүзінде қолдана алды.