Мен, Тайлак Айя Жаксылыковна Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің “Есеп және аудит”, “Маркетинг” мамандықтарының арнайы пәндер педагогымын. Оқу процесі аясында, өз атыма “Aiya” дара кәсіпкерлігін тіркеп, студенттердің теориялық білімдерін практикада шыңдау мақсатында, бастау алған дара кәсіпкерліктің қызметін колледж ішінде орналасқан “Студент” оқу-практикалық зертханасы -құзыреттілік орталығында жүзеге асырыла бастады. Аталған орталықта академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламасына сәйкес дуалды оқыту жүзеге асырылып жатыр.
Осыған орай, студенттер дара кәсіпкерлікті онлайн тіркеу, онлайн кассамен (Kaspy Pay, Re:Kassa) жұмыс жасау, 1С Розница және 1С Бухгалтерия бағдаламаларында касса мен тауар қозғалысын жүргізу, жалақыны есептеу және т.б. дағдыларын меңгереді. Аталған дағдылар мамандықтың “Түлек моделіне” бағытталған. Орталықтың ресми ашылуы өткізіліп, студенттер өз клиенттеріне қызмет көрсетуді де бастап кетті. Құзыреттілік орталығының қызметін жүзеге асыру үшін 650000 тг көлемінде қаржыландырған инвестор, "Кужимов М.Т" дара кәсіпкерлігі. Осы тәжірибе студенттердің кәсіпкерлік қызметін, мәдениетін, ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.