2023 жылғы 6 қазанда Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде "Аспаздық іс" құзыреттілігі бойынша жеңімпаздардың Astana қалалық WorldSkills чемпионатына қатысуы үшін "Тамақтандыруды ұйымдастыру"мамандығының білім алушылары арасында колледжішілік іріктеу турнирі өтті.
Конкурсқа қатысушы 6 студент шығармашылығын, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерінің деңгейін жақсы көрсете білді.
Сараптамалық комиссия орындалған тапсырмалардың күрделілігін, берілген тақырыпқа сәйкестігін, дайындалған тағамдардың стилі мен шығармашылығын сынап, бағалады.
Комиссия бағалау критерийлеріне сәйкес объективті түрде кәсіби конкурстың қорытындысын шығарды және төмендегі нәтижелерді жариялады:
1 орын :
Салтықбаев Еркебұлан ОП 9-20-1,
Янгалиева Мәриям КБ 9-22-1
2 орын:
Кабаев Арлан КБ 9-22-2,
Сергалинова Арухан ОП 9-23-1,
Скакова Алина ОП 9-22-1.
Кәсіби шеберлікті іріктеу байқауының жеңімпаздары мен барлық қатысушыларын құттықтаймыз!