2023 жылғы 6 қазанда Қазтұтынуодағы жоғары колледжі "Маркетинг" мамандығының 2 курс білім алушылары үшін "Вкусмарт" супермаркеті "Сарыарқа" СОО-да "Беркат"консорциумының әлеуметтік серіктесі базасында экскурсия-сабақ ұйымдастырылды. Экскурсия мақсаты: теориялық білім мен кәсіптік оқытудың байланысы туралы қосымша ақпарат алу, өндірістік оқытудан өту үшін заманауи базамен танысу. Экскурсия барысында білім алушылар кәсіпорынның маркетингтік стратегияларын, өткізу арналарын зерделеп, жоспарлау ережелерімен, тұтыну тауарларының ассортиментімен, сауда залында тауарларды орналастыру ретімен танысты. Экскурсия өте мазмұнды және танымды болды.