Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Заманауи сабақтар - жаңаша көзқарас, мамандыққа бағытталған оқытудың әдіс- тәсілдері.

21 қыркүйек күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде қазақ тілі пәнінен Мукашева Айжан Талғатқызы “Мұхит асқан туынды. Біріккен сөздер, тіркесті сөздер емлесі. Мамандандырылған сөздер” такырыбында М-9-23-2 тобында ашық мамандыққа бағытталған сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали ақынның мұхит асқан туындысымен танысу. Біріккен сөздер, тіркесті сөздер емлесін қайталау. Мамандандырылған сөздерді білу.
Сабақта оқытушы заманауи ақпараттық- технологиялық әдістерді тиімді пайдаланды. Мысалы: “Сертификат”, “Өз ісінің маманы”, “Сәйкестендір”, “Миға шабуыл” әдістерін wordwall.net, padlet. com, flipping.net платформалары арқылы ұтымды ұсына білді.
Студенттердің болашақ мамандықтарына сәйкес “Кәсіркерлер”, “Жарнамашылар”, “Тұтынушылар” атты топтарға бөлініп, ақпарат жинап, тақырыпты өз ісінің маманы ретінде талдай білді, оны постер арқылы тақтада қорғады.

Сабақ барысында студенттер 10 сұраққа жауап беріп, flipping.net платформасы арқылы сертификат алды, кері байланыста “Өзіңді өзің жақсы көр”, “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Бас бармақ” әдістері арқылы ойларын еркін жеткізіп, бірін-бірі бағалай білді. Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты, аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарға талдау жүргізілді.
Студенттер белсенді катысып, пікір алмасып, сабақтың тақырыбын барынша аша білгендеріне қуанышын жасырмады.

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.