Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

     2023 жылдың 22 қыркүйегінде «Қазақстан халқы тілдері апталығы» аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пәндерінің оқытушысы – Мыңжасарова А.Е. және ағылшын тілі – Нұртазина Н.Н. ТҰ-9-21-2 тобында ашық, зертханалық-практикалық, кіріктірілген сабақ өткізді.

    Сабақ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» оқу-тәжірибелік зертханасында «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында өтті.

    Сабақтың мақсаты: студенттердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби терминдерді қолдана білу дағдыларын көрсету.

    Мәдениетаралық айырмашылықтар мен өзара түсіністік туралы хабардар болу үшін студенттер Қазақстан халықтарының тағамдарын таңдады. Бұл жаһандық құзыреттердегі функционалдық сауаттылықтың талаптарына жауап береді.

   Сабақ соңында студенттер тіл үйренудің қажеттілігін түсініп, табысты әрі білікті маман болу үшін кәсіби қызмет саласында оларды тереңірек оқуға дайын екендіктерін білдірді.

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.