«Ұлы дала ұстазы» әдеби-танымдық іс-шара. Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Тіл-ұлттың жаны» атты тілдер апталығының аясында Қаламгерлер аллеясында «Ұлы дала ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының тағылымына арналған әдеби танымдық сыныптан тыс іс-шарасы педагогтар С.М. Құндызбекова, Қ. Н. Сахиева басшылығымен өткізілді. Оқытушы С.Құндызбекова Ұлт ұстазының Қазақ әліпбиін, 8 мың тиражбен «Қазақ» газетін қолданысқа енгізгенін айтып, қазақ халқының азаттығын армандағанын айтты.
Елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі жөнінде жан аямаған Ахмет Байтұрсынұлын жастарға үлгі етті. Қатысқан студенттер: «Анама хат», «Оқуға шақыру», «Адамдық диқаншысы» , “Ақын ініме”, Маса”, “Үзік” өлеңдерін оқып, ақынның қазақ баласы үшін жасаған еңбегін , туған халқы үшін қызметін талқылады.
Студенттер танымдық іс-шарадан жақсы көңіл күймен оралды.