2023 жылдың 20 қыркүйегінде Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің оқытушылары Худабай Б. Х, Садыкова А.Р, 1 курс студенттеріне «Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында «Smart language» семинарын өткізді.
Мақсаты: Қазақ тілін күнделікті өмірде кеңінен қолдану, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру.Студенттерге «Egov.kz», «Egov mobilе», «Kaspi bank», «Forte bank», «Easy message», «Damymed», «Ikomek» қосымшалары туралы ақпарат берілді. Қызмет көрсету қосымшаларын күнделікті өмірде қазақ тілінде қолдану ұсынылды.Электронды цифлық қолтаңба арқылы қызмет түрлерін қалай алу керектігі экраннан түсіндіріліп, көрсетілді.Студенттер кері байланысқа шығып, ақпараттың күнделікті өмірде қажет екенін, қызмет түрлерін қазақ тілінде қолдану маңыздылығын түсінді.