2023 жылғы 19 қыркүйекте Тіл апталығы аясында Адырбекова Үміт Жүсіпназарқызы қазақ әдебиеті пәні бойынша 04140100 «Есеп және аудит» мамандығының ЕА-9-23-2 тобында «Абай шығармашылығы Сегіз аяқ өлеңі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жүргізу.Сабақ мотивациялық бейнероликпен басталып, сабақ барысында генератор онлайн-инструменті, «Ойшыл 6 қалпақ» әдісі, Google форма онлайн-инструменті қолданылып, сабақ Quizizz платформасында жасалған тест сұрақтарымен бекітіліп, студенттер бағаланды, QR-код арқылы сабаққа кері байланыс берді.Студенттер жоғары белсенділік танытты. Сабаққа өзара тәжірибе алмасу мақсатында 13 педагог қатысты.