«Тіл-ұлттың жаны» тілдер апталығының ашылуы.
2023 жылдың 18 қыркүйегінде Астана қаласы, Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде «Тіл-ұлттың жаны» атты тіл апталығының ашылуы болып өтті.Мақсаты – қазақ тілін дәріптеу, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтығын насихаттау.Апталықтың ашылу салтанатына колледж директоры Кужимов М.Т арнайы келіп, студенттерге ақ тілегін жолдап, құттықтады.Тіл мамандары Ү.Ж.Адырбекова, А.Т. Мукашева, Ф.Г.Ильясова, К.Н.Сахиева, А.Р.Садыкова, Н.Н. Нуртазина, А.М. Оспановалардың тіл мерекесіне арнайы түсірілген, тіл туралы өлең шумақтарынан бейнеролигі экраннан көрсетілді.
Маңызы зор іс-шараның ойдағыдай өтуіне қазақ, орыс және ағылшын тілі оқытушылары ат салысты.Тілдер апталығының алғашқы күнінде педагогтер мен студенттерге жақсы көңіл күй сыйлау үшін және интеллектуалды ой-өрісті кеңейту мақсатында колледж фойесінде қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Сауалнамалар алу» шарасы ұйымдастырылды.Осы іс-шараның төңірегінде студенттер Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары және тілге қатысты сұрақтарына өз білімдерін көрсетті, әр дұрыс жауапқа тәтті сыйлықтар берілді.Бұдан басқа, көп ұлттың мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, тілдің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оның мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттардың пайдаланып жүрген ұлттық жәдігерлері көрсетіліп, ұлттық мұрасы насихатталды. Білім алушылар кітап көрмесіне қойылған ретро стильдегі ауыз әдебиетінің мол мұрасы «Алпамыс» , «Қыз Жібек», «Мұңлық - Зарлық», «Қобыланды» жырлары мен кітаптары, күй табақтары көрсетіліп, оның мазмұнын тіл мамандары кеңінен үш тілде түсіндірді. Бұл шараға қатысқан студенттер интелектуалдық сұрақтардың қызықты және танымды болғанын жасырмады.