07.09.2023 жылы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде педагогикалық әдеп кеңес отырысы өткізілді.
Отырыста педагогикалық әдеп кеңес құрамының мерзімінің аяқталуына байланысты, кеңес төрайымы Загипарова С.Т. жұмыс жасаған жылдарға есеп беріп, жаңа кеңес төрайымы Сауханова Г.К. мен мүшелері дауыс беру арқылы сайланды. Кеңес төрайымы мен мүшелерін педагогтар бірауыздан қолдады. Колледжде педагогикалық әдеп кеңесі құрылғалы бері әдеп бұзушылық болмады. Алдағы жылдары да педагогикалық әдеп нормаларын ұстанып, нәтижелі жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз!