2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде “Білім күніне”арналған салтанатты жиын өтті.
Осынау, айтулы мерекенің басты кейіпкерлері - колледж табалдырығын аттап отырған 1 курс студенттері. Әр адамның жүрегіне ерекше әсер қалдыратын бұл күн жастардың басын біріктірері де сөзсіз.Салтанатты шараны Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің директоры Кужімов Мырзабек Турабекұлы өзінің құттықтау сөзімен ашып, колледж оқытушылары мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтады. Жиын барысында колледж әкімшілігі мен топ жетекшілері таныстырылып, ішкі тәртіптің негізгі кағидаларына тоқталды. Колледж басшысы сөз соңында студенттердің сапалы білім алулары үшін колледж әкімшілігі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалатынын да баса айтып өтті.Колледжіміздің оқытушылары мен студенттерін «Білім күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!