Қайырымдылық жасау ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.
Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды.Міне, сондай игі іспен, 2022-2023 оқу жылының қортындысы ретінде,Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің оқытушылары мен жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді студенттері, «Amanat» партиясының қолдауымен, тұрмысы төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 5(бес) отбасына азық-түлік өнімдерімен көмек көрсетіп, қайырылымдылық шарасын өткізді.«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген белсенді студенттеріміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай.