2023 жылғы 24 мамыр Өзбекстаннан келген Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжінің оқытушылары колледж базасында Астана қ. кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі М.Т.Кужимов, Индустриалды кеңес төрайымы Г.А.Васильева («БЕРКАТ» консорциумы), колледждің әлеуметтік серіктесі бренд кондитер-аспазы А.Туланованың қатысуымен колледж педагогтарына арналған ұлттық өзбек тағамдарын дайындау бойынша халықаралық шеберлік сыныбын өткізді.
Шуақты Өзбекстаннан келген қонақтар Самарқанд палауы мен жаңғақ пен мейіз қосылған халва, ачичук салаты, фатыр мен катлама әзірледі