Өзбекстан Республикасынан келген қонақтардың Қазтұтынуодағының жоғары колледжіндегі екінші күні:
Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжінің оқытушыларына корпус тәттілерін өндіру бойынша колледждің әлеуметтік серіктесі, бренд кондитер-аспазы Туланова Ақмаралдың шеберлік сабағынан басталды. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МККМ іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылып, онда орталық әдіскері Н.С.Исина және Астана қаласы колледждерінің 7 оқытушысы, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Іс-шара нәтижесінде шеберлік сыныбының қатысушысы сертификаттары беріліп, осы бағыттағы біліктілік деңгейлерін көтерді.Ал Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжінен келген қонақ студенттер колледждің әлеуметтік серіктесі Radisson Hotel Astana және Park Inn by Radisson қонақүйлері базасында кәсіби дайындықтан өтіп, онда таңдаған мамандығы бойынша қосымша дағдылар мен құзыреттерге ие болды.