2023 жылғы 22 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қазтұтынуодағының жоғары колледжіне Өзбекстан Республикасы, Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжінің делегациясы: директоры Р.М.Файзиев, арнайы пән оқытушылары М.Б.Гафарова, Д. Курбанова және 7 студентпен келді.
Сапардың мақсаты – білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибе алмасу.Қонақтардың салтанатты жиыны ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен, колледждің оқу ғимаратын аралаумен және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатының жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстарын көрсетумен басталды.Одан әрі колледж кітапханасында шетелдік қонақтардың қатысуымен Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.С.Ахметова, колледж директоры, кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің мүшесі М.Т.Кужимов, өндірістік кеңес төрайымы Г.А.Васильева («БЕРКАТ» Консорциумы) және жоғарыда аталған кеңестердің мүшелері қатысып, онда екі мемлекеттің білім беру бағдарламалары талқыланып, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарлары белгіленді.Бүгінгі іс-шаралардың барлығы нәтижелі, жоғары кәсіби деңгейде өтті!