Заманауи сабақтар - жаңаша көзқарас 4 мамыр күні Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде қазақ тілі пәнінен Мукашева Айжан Талғатқызы «Дүниежүзіне әйгілі өнертабыстар» тақырыбында БҚЕ-9-22-2 тобында ашық пікір алмасу сабағын өткізді.
Сабақта оқытушы заманауи ақпараттық- технологиялық әдістерді тиімді пайдаланды. Мысалы «Жадыңды іске қос», «Қара жәшік», «Тұсау кесер», «Миға шабуыл» т.б. Студенттердің болашақ мамандығына сәйкес топтарға бөлініп, ақпарат жинады, талдады, оны интербелсенді тақтада қорғады. Бейнеролик арқылы мәтіндеге ақпаратты басқа топқа жеткізді. Сабақ барысында студенттер 10 сұраққа жауап беріп, жадыны толтырып МБ, ГБ жинап, сабақ соңында барлығын есептеді, кері байланыста «Түрлі - түсті» смайликтер арқылы бір-бірін бағалады. Студенттер белсенді қатысып, дискуссия жасап, пікір алмасып, мәселенің ортақ шешімін тапты.