2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де Астана қаласының Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің әкімшілігі, педагогтері мен студенттері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында және мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын жазды.
Мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын 35 педагог және 102 студент жазды. Іс-шараға патриоттық рухта, жоғары жауапкершілікпен өткізілді.