Озық технологиялар мен интеллектуалды ойындар 13 сәуір күні педагог Ақерке Қалдыбекқызы Мырзалиева «Графика және жобалау» пәнінен «Аксонометриялық проекциялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ «Арттыру-кеміту» ойынымен басталды. Үй тапсырмасы «learningApps» интерактивті білім беру модулі арқылы тест және сәйкестендіру тапсырмасын орындады. Оқытушы жаңа тақырып бойынша 3Д компас бағдарламасында сызу тапсырмасын берді, студенттер жеке моноблоктарда жаңа ақпараттарды тәжірибелік жұмыс барысында орындады. Бұл ақпараттар болашақта тәжірибелік жұмыс барысында пайдалана алатындығын айтты. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде «ProProfs» онлайн-конструкторы арқылы жасалған тест тапсырмаларын ұсынды. Тест тапсырмаларына сілтеме арқылы өтіп, тапсырманы орындап, сертификат алды. Студенттердің білім деңгейін анықтау үшін бағалау кезеңінде студеттерге гугл-диск арқылы берілген бағалау парағы толтырылды. «Questionstar онлайн» құралы арқылы сауалнама жүргізді, QR кодты басып, жауап беріп, кері байланысқа шықты. Жас маман озық технологияларды тиімді қолданып, сабақ мазмұнын толықтырды, студенттердің қызығушылығын арттырды. Болашағынан көп үміт күтеміз!