10 сәуір күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Жаратылыстану-математика – әлемді бейнелеген нақты ғылым» тақырыбындағы жаратылыстану-математика пәндерінің апталығының ашылуы өтті.
Колледждің бірінші қабатында «Пәндер аялдамасы» безендірілді, педагогтар мен студенттерді, мектеп оқушыларын қарсы алып, стендтер, макеттер көрмесі, қызықты сұрақ-жауаптар алынып, тәжірибелер жасалды.Акт залында салтанатты ашылу рәсімі жасалды.Колледж директоры, пәндердің оқу сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталып, лабораториялық сабақ үшін колледжде барлық жағдай жасалғандығын, лабораториялық сабақтар студенттерге танымдық мүмкіншілік беретіндігін, педагогтармен білім алушылардың осы аптаның аясында алған білімдерін өмірде орынды пайдалануға болатындығын айтты. Жалпы білім беретін пәндер циклдік комиссиясының төрайымы С.Құндызбекова апталықтың іс-шаралармен таныстырды.Жеке топтар дайындаған пәндерге байланысты мазмұнды қойылымдарды тамашалап, апталықтың сәтті өтуіне жол ашты.