2023 жылдың 13-17 наурызы аралығында «Маркетинг» (салалар бойынша), «Есеп және аудит» мамандықтарының апталығы өтті.
Апталықты циклдық комиссия төрайымы А.Б. Нұрмағамбетова және колледждің әлеуметтік серіктесі, Беркат консорциумының өкілі Г.А. Васильева қорытындылады. Студенттер дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.«Маркетинг, есеп және аудит» циклдық комиссиясының арнайы пән оқытушылары ашық сабақтар өткізді. Сабаққа М-9-21-2, М-9-21-1, М-11-22-2, М-11-21-2, М-9-21-3 топтары қатысты. Сабақ барысында студенттер WordPress-те портфолиосын құрастырып Kahoot сервисі арқылы білімдерін сынады; MS Office қосымшалары бойынша білімдерін қорытындылап, студенттер өздерінің білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсете білді. Әрбір сабақ тәжірибелік дағдыларды бекітуге, ой-өрісін кеңейтуге бағытталды, сабақ соңында әзірленген критерийлер бойынша студенттердің іс-әрекеті бағаланды, студенттер қызығушылық танытып, сабаққа белсенді қатысты.Сабақтардан басқа кәсіби шеберлік шаралары өткізілді.Іс-шара жоспары орындалды, әрбір іс-шара бойынша оқытушылар мен студенттерден оң пікірлер алынды. Мамандықтар апталығына «Маркетинг, есеп және аудит» циклдық комиссиясының әрбір мүшесі баға жетпес үлес қосты.