Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2023 жылғы 14 наурызда «Маркетинг, есеп және аудит» мамандықтарының апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Адырбекова Үміт Жүсіпназарқызы «Сату залын өнімдердің толық ассортиментімен қамтамасыздандыру» 06 кәсіптік модулі бойынша 04140100 «Маркетинг (салалар бойынша)» мамандығының М-11-22-2 тобында «Отандық брендтердің сауда стандарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Отандық брендтердің жүйесін талдау, маңыздылығын қарау, брендингтің тарихи дамуын зерттеу.Сабақ мотивациялық бейнероликпен басталып, сабақ барысында генератор онлайн-инструменті, «Мозайка» әдісі, топтық жұмыс үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы, Google форма онлайн-инструменті қолданылып, сабақ Kahoot платформасында жасалған тест сұрақтарымен бекітіліп, студенттер бағалау парағы арқылы бағаланды.Студенттердің сабақта өте жоғары белсенділік танытқанынан, сабақтың озық заманауи технологиялармен, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылғанын байқауға болады. Сонымен қатар, студенттер сабақта мамандыққа деген сүйіспеншілік, кәсіпкерлікке бағыттау, алған білімдерін өмірде қолдану білу сияқты дағдыларды меңгерді.

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.