Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамалары мен іскерлік дағдыларын қолдау және дамыту мақсатында 2022 жылдың 16 мен 30 қарашасы аралығында «Мен кәсіпкермін» республикалық Гранд турнирі өтті. Гранд турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған және еліміздің барлық аймақтарының колледж студенттері арасында өткізілді.

Гранд Турнир республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының тізіліміне енгізілген.

Гранд турнирдің негізгі мақсаттары:

-жас ұрпақтың–нарықтық экономикасы қалыптасқан қоғамда лайықты өмір сүре алатын адамдардың жаңа менталитетін қалыптастыру;

-кәсіпкерлік дағдыларының қажетті деңгейі бар шығармашылық ойлы жастардың әлеуетін дамыту;

«Мен кәсіпкермін» Гранд турнирінің ұйымдастырушысы–Қазақстан Республикасы Оқу және ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті. «Мен кәсіпкермін» Гранд турнирі 2 турдан тұрды, бұл сайысқа колледжіміздің студенттері де қатысып, жүлделі орындар иеленді.

Колледжіміздің М-9-21-2 тобының ІІ курс студентері Суюнова Дильназ, Қалық Сандуғаш, Кайырбекова Диляра "Rice Board" жобасымен өндіріс бағыты бойынша бизнес жобасымен қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді!!!

М-11-22-2 тобының ІІ курс студентері Бекшебаев Қамбар, Жадарова Ақбота, Бейсеналы Айсулу Клининг қызметі жобасымен әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты бойынша бизнес жобасымен белсенді қатысқаны үшін мадақтама алды.

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.