Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Еліміздің әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екендігін ұғына отырып, жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, елін, жерін, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу бұл оқытушылар қауымының басты мақсаты болып табылады.
Осыған орай 2022 жылдың 14 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде ұлттық, патриоттық рухты арттыратын елеулі мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім –еркіндігім, қасиетім, қастерлім» атты салтанатты дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шара барысында қалалық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген студенттер мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.