2022 жылдың 25 қарашасында сағат 18.00-де Жоғары сауда-экономикалық колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-4 курс студенттерінің ата-аналары шақырылды.
Ата-аналарға, 2022-2023 оқу жылының оқу-әдістемелік, өндірістік және тәрбие жұмыстары қалай ұйымдастырылып жатқаны таныстырылды. Сондай-ақ, 2022 жылдың қарашаның 15-не білім алушылардың аралық аттестаттау мониторингі ұсынылды.
Жиналысқа ауа-райының қолайсыздығынан келе алмаған және шалғайда тұратын ата-аналар, Ютуб каналы арқылы жиналысты тікелей эфирден көре алды.
Кездесу барысында ата-аналар қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға колледж басшылығынан жауап алды.