Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Жас оқырман» үйірмесінің студенттерінің өнегесі мен өнері ортаға салынып Республика күніне арналған «Күй өнері-халық қазынасы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Қазақтың қасиетті аспабы – домбыра өз кезегін алып слайд арқылы күй атасы – Құрманғазының «Адай» күйі, онымен қоса «Ерке сылқым», «Әлқисса» күйлерінің шығу тарихы көрсетілді және ЕТ-9-19-2 тобының студенті Бексұлтан Санаттың орындауында қос ішектің әдемі дауысы құлақтың құрышын қандырды.
Осылайша кешіміз қазақтың танымал биіне айналған «Қара жорға» атты ерекше биімен тәмамдалды.