2022 жылдың 17-18 қазан аралығында колледжімізде «Сауда қырандары» дебат клубы мен жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған колледжішілік «Егемендік – елдің бағы жетпес игілігі!» атты дебат турнирі өткізілді.
Турнирге қазақ лигасынан 12-команда, орыс лигасынан 12-команда қатысты. Алдымен 17-қазанда іріктеу турнирі өткізілді. Іріктеу кезеңінен финалға 4-командадан шықты. 18-қазанда финалдық ойын өткізілді. Ойын нәтижесінде қазақ тобынан келесі командалар жүлдегерлер атанды: 1-орын «Баланс» фракциясы -Депу Ақтоты мен Дүзелбаева Балнұр, 2-орын «Ұшқырлар» фракциясы -Думанқызы Сабина мен Темірбек Айғаным, 3-орында «Твикс» фракциясы- Нұрланқызы Жансая мен Муратова Назым және «Әлем» фракциясы -Алауова Айкөркем мен Мейрамбек Нұрай иеленді. Орыс лигасында: 1-орын «Прометей» фракциясы - Повышев Дмитрий мен Бородавко Артем, 2-орын «ДД» фракциясы - Данилов Даниил мен Болгов Даниил, 3-орын «Гламур» фракциясы - Бекбауленов Диас пен Ермек Санжар иеленді. Үздік спикерлер: қазақ тобында Темірбек Айғаным, орыс тобында Бородавко Артем деп танылды.
Турнир дебат клубының жоғарғы курстың тәжірибелі, белсенді студенттерінің ұйымдастыруларымен өткізілді. Қазақ тобында Серік Іңкәр, Тахи Даниал, Серік Нарал, Дүзбек Мәди болса, орыс тобында Кахановер Марина, Палягина Ольга, Дүсенова Замира мен Серік Асылжан. Жалпы турнир өте мазмұнды, қызықты, тәлімі мол деңгейде өтті. Алда үлкен қалалық турнирге қатысуға командалар таңдалды.