25 қазан “Қазақстан Республикасы күніне” орай Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде қазанның 18 күні шахматтан турнирдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс- шарада Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кусаинова Д.Г. турнир қатысушыларына сәттілік тілеп, бұл іс- шараның маңыздылығын атап өтті.
Шахмат ойынының тарихын таныстырудан басталған іс- шара, колледж психологы Смаилханова М. А. “Шахматтың адам мінез- құлқына әсері” туралы мағлұматпен бөлісумен жалғасты. Турнирдің басты сарапшылары Хлопжанов Қ.Ж. және Худабай Б. қатысушыларға турнир ережесін түсіндіріп, қарсыластарын жеребе тастау арқылы анықталатынын жеткізді.
Жарысқа барлық курс студерттері қатысып, жартылай финалға ұлдардан 24 студент, қыздардан 10 студент өтіп, логикалық ұшқырлығын көрсете алды. Жарыс тартысты өтіп, студенттердің бәсекелестігін арттырды. Жартылай финал 19 қазан күні жалғасады, жеңіске жеткен студенттер финалға жолдама алады. Ал жарыс жүлдегерлерін құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтар күтіп тұр.
Чемпионат жүлделерін есімізге салатын болсақ:
1 орын 30000 тг
2 орын 20000 тг
3 орын 15000 тг
Турнирге қатысушыларға сәттілік тілейміз!