2022 жылдың 11-12 қазан күндері Қазтұтынуодағы Жоғары сауда-экономикалық колледжі базасында «Маркетинг» мамандығының студенттеріне кәсіпкер Жаныбеков Қайрат Амангелдіұлы «Қазақстан Республикасының банк жүйесі» тақырыбында дәріс-тренингтер өткізді.
Қайрат Амангелдіұлы ел экономикасының маңызды құрылымы туралы айта отырып, қызықты форматта тренинг өткізді. Тауар және қаржы нарықтары түсінігін, банк жүйесінің құрылымын, оның түрлерін, клиенттерге қызмет көрсету құралдары мен әдістерін атап көрсетті.
Лектор материалдың динамикалық баяндалуын, студенттер үшін өте қызықты, түсінікті және қолжетімді оқыту бағдарламасын пайдаланды.
Кездесу барысында студенттер қаржылық сауаттылық бойынша сұрақтарына жан-жақты жауаптар алып, сонымен қатар, Soft skills және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге ынталарын жеткізе білді.