2022 жылдың 10 қазанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Маркетинг» мамандығының студенттерімен бизнес-тренер, кәсіпкер Мадина Шынасылмен тренинг өтті.
Спикер тренингтің тақырыбын «Кәсіпкерлік өмір салты ретінде» деп таңдап, Конфуцийдің « Өміріңде бір күн жұмыс істегің келмесе, өзіңе ұнайтын жұмысты таңда» деген сөзімен бастады.
Іс-шараға қатысқан топтар: MTиПО 9-22-1, M-9-20-1, M-9-21-2, M-11-21-2.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді нағыз кәсіпкермен таныстыру, кәсіпкерліктің қыр-сырын ашу, мотивация табуға көмектесу, бизнестегі практикалық тәжірибемен бөлісу.
Бұл іс-шара студенттерге өз ісіңді сүюдің қаншалықты маңызды екенін және осымен айналысқың келсе, жолдың қаншалықты сенімді болатынын көрсетті.
Баяндамашы Марк Цукерберг, Айдын Рахымбаев, Рамиль Мухаряпов және басқа да танымал кәсіпкерлердің жүріп өткен жолдарын мысал қылып келтірді.
Спикер осындай мықты және атақты кәсіпкерлерді мысалға ала отырып, студенттерге кәсіпті сәтті бастаудың шексіз мүмкіндіктері туралы айтып, біздің тыңдаушыларды қызықтыра отырып, олар кәсіпкерлікке апаратын нақты жол туралы, жеке іс-әрекет пен жеке қасиеттердің қалай табысқа әсер етуі мүмкін болатыны туралы сұрақтар қойылды.
Мадина Шынасыл кездесуді «Жаңа тәжірибесіз - адам рухының дамуы мүмкін емес» деген сөзбен аяқтады.