2022 жылдың 7 қазанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттерімен ғалым, экономист, сарапшы Жұбаев Сапарбай Досжанұлының кездесуі өтті.
Жұбаев С.Д. “Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы” тақырыбында дәріс оқыды. Осыған сәйкес, дәріс 2014-2022 жылдар аралығындағы сыртқы сауда, мемлекеттік бюджет, инфляция және т.б. көрсеткіштерін талдаумен аяқталды. Студенттердің белсенді қатысуының арқасында кездесу қызықты болды. Студенттер тарапынан қызығушылықты көрген қонақ қуанса, студенттер өз кезегінде кездесудің тақырыбын тамаша түсіндіріп берген қонаққа ризашылықтарын білдірді.