Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

6 қазанда "Есеп және аудит" мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері "Маркетинг" циклдік комиссиясы ұйымдастырған "Бухгалтер күні" мерекесіне орай, тақырыптық квестіне қатысу үшін жиналды.

Бұл біздің студенттер үшін қызықты әрі пайдалы ізденіс болды.

Іс-шараның мақсаты: болашақ бухгалтерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтау және осы мамандыққа тән дағдыларды анықтау.

Квестке УА-9-20-1, УА-9-21-1 тобының 2 және 3 курс студенттері қатысты.

       Бухгалтерлер күніне "Есеп және аудит" мамандығының студенттері креативті және ерекше тәсілмен дайындалды.

        Квест колледж қабырғасында негізгі кіреберістен бастап, оқу-практикалық зертханада болып, акт залында аяқталды, онда оларды мұғалімдер қарсы алды.

        Ойын олардың командалық, логикалық және кәсіби қабілеттерін ашуға көмектесті.

        Топтар 5 командаға бөлінді, олардың әрқайсысы логикалық тізбектер мен есептерді шешудің нақты әдісін табуға тырысты.

        Квест студенттердің "Excel" және "1С" сияқты бағдарламалармен жұмыс жасаудағы дайындық деңгейін көрсетті, топтардың мықты жақтарын анықтауға көмектесті.

       Барлық командалар қызығушылықпен кедергілер жолағынан өтті, олардың мәресінде жеңімпаздарды 1, 2 және 3 орын үшін грамоталар күтіп тұрды.

  Логикалық тізбекті шешуде 3 курс студенттері жұмбаққа жауап іздеудегі шығармашылық тәсілдерімен ерекшеленді.

1 орынды УА-9-21-1 тобының "Гранат" командасы иеленді ;

2 орынды УА-9-20-1 тобының "Даша-путешественница" командасы иеленді;

3 орынды УА-9-21-1 тобының "Тучка" командасы иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

  

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.