2022 жылдың 5 казанында Астана қаласы Байқоңыр ауданының ювеналды полиция бөлімінің полиция капитаны Қабылбаева Асел Амангелдіқызы, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттеріне кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс оқыды.
Дәрісте ұрлық, тонау, қоғамдық орындарға мас күйінде келу, түнгі уақытта қоғамдық орындарда болу, темекі шегу,ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық тақырыптары көтерілді.