Ұстаздарға арналаған мерекелік іс – шара.
2022 жылдың 30 қыркүйегінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде киелі мамандық иелерін кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған іс-шара өтті.
Іс-шара таңғы 08:00 – де колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті белсенділерінің оқытушыларды салтанатты түрде қарсалуынан басталды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған іс- шара кішігірім салтанаты кешпен жалғасын тапты. Салтанатты жиынға Астана қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ахметова Нұргүл Сейілбекқызы қатысты. Ұстаздарға Білім басқармасынан және Білімді жаңғырту орталығынан алғыс хаттар табысталды.
Бұл іс-шарада әуелеген ән, музыкалық аспаттарда ойнау, жүректен шыққан жырмен салтанатты жиынның көркін келтіріп, ұстаздарға ұмытылмас күн сыйлады.