Бүгін, 2022 жылдың 7 маусымында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша, біліктілігі "Аспаз", ТҰ-9-20-1 тобында кәсіби тәжірибені қорғау өтті.
Сараптау комиссиясының құрамында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Суюндикова С.О., директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ибраева Л.А, арнайы пәндер оқытушылары Махатов К.А., Мыңжасарова А.Е. және колледждің практика жетекшісі Калашникова Е.Н. болды.
Студенттер кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша құжаттарға сәйкес жазбаша есептер, презентациялар мен ауызша әңгімелер дайындады.
Студенттер практиканы колледждің әлеуметтік серіктестері базаларында, "Көктем", "Coffee Boom" кафелерінде, ЖШС "Мастер-кондитер, "Del papa" мейрамханасында" өтті.
Тәжірибе кезінде аспазшы саласында жақсы кәсіби дағдылар мен құзыреттілікке ие болды.
Тәжірибені қорғау сәтті өтті!