2022 жылдың 4 сәуірінде Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде Денсаулық күнін мерекелеу қарсаңында Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері "Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!" атты викторина өткізді.
Викторинаның мақсаты – студенттердің өздерінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.
Викторина барысында денсаулыққа, спортқа қатысты түрлі сұрақтар, ребустар берілді.
Барлық студенттер, оқытушылар белсене қатысты.
Әр дұрыс жауапқа сый-сыяпат берілді.