2022 жылдың 16 наурызында «Маркетинг» циклдік комиссиясының арнайы пәндер оқытушысы Ибраева Л.А. «Маркетинг, Есеп және аудит» циклдік комиссиялары шығармашылық онкүндігі аясында ПБМ 11-20-1 тобында КМ 05 «Кәсіби қызметтегі маркетингтік коммуникацияларды дамыту» кәсіптік модулі бойынша «Франчайзинг: қазақстандық тәжірибеде артықшылықтары, кемшіліктері және қолдану мүмкіндігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында мұғалім оқытуда жаңартылған мазмұнның келесі әдістерін қолданды: «мотивациялық көзқарас», «зерттеу жұмысы», «Эдуард де Бонның алты ойлау қалпағы», «ізденіс жұмыстары», бағалау әдістері: «екі жұлдыз бір тілек» , «үлкен саусақ», «жеке дескрипторлар» т.б.
«Маркетинг» мамандығы «Маркетингтің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша кредиттік оқыту технологиясымен топта семинар түрінде ашық сабақ өткізілді.
Семинардың мақсаты – «Франчайзинг» тақырыбы бойынша теориялық білімдерін бекіту және оны қазақстандық тәжірибеде практикалық қолдану.
Студенттер Қазақстан Республикасындағы үш ірі франчайзингтік компания: «KFC», «Adidas» және «Coca-cola» бойынша өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, осы компаниялардың құрылу тарихымен танысты, осы түрлермен жұмыс істеу шарттарын білді, франчайзинг біржолғы төлем сомасы, брендін пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлем сомасы-роялти, сонымен қатар жоғарыда аталған компаниялардың күшті және әлсіз жақтарына SWOT талдауы жүргізілді.
Сабақ нәтижесінде студенттер келесі практикалық дағдыларды игерді: олар «франчайзинг» саласындағы нормативтік құқықтық базаны зерттеді, коммерциялық концессия шартының үлгісін жасауды үйренді, франчайзингтік бизнесті ашу және жүргізу шарттарын білді, бизнестің осы түрін жүргізу кезінде тәуекелдерді қалай анықтауға болатының және т.б. үйренді..