16.03.2022
Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі "Бизнес және басқару" профилі бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің бейіндік колледждері үшін "Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі және Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжінің қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесінен экономикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері" тақырыбында онлайн семинарға қатысты.
Семинардың мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша тәжірибе алмасу, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі мен Қазтұтынуодағының Қостанай Жоғары экономикалық колледжінің қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу бойынша тәжірибесін жинақтау болды.
Семинарға Қазақстан Республикасының 32 профильді колледждері қатысты. Онда колледждердің оқу процесіне қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізудің өзекті мәселелері қаралды.