23 наурызда елорда тарихында алғаш рет "Аспазшылар шайқасы" шоу - жобасы өтуде, оның қатысушыларының бірі - Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің @kaz_tek "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының студенті Шестаков Руслан.
Іс - шараны ұйымдастырушы - "Аспазшылар шайқасы" шоу-жобасының негізін қалаушы, Қазақстан шеф-аспаздар қауымдастығының және Нұр-Сұлтан қаласының шеф - аспаздар гильдиясының резиденті - Ешмухамбетов Рамазан Муратович @ramzi-Cheff.
Шеф-аспаздар сайысы "Зейд" мейрамханасында @dk_zeid өткiзiлді.
"Аспазшылар шайқасы" Наурыз мейрамына орай өткізілді, сондықтан барлық тапсырмалар ұлттық тағамдармен байланыстырылды.
Бүгін аспаздық шайқасқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Түркістан, Өскемен қалаларынан 16 үміткері - бас аспаздар, тәуелсіз аспаздар, су-шефтер, студенттер қатысты.
Байқаудың қазылар алқасы: Нұр-Сұлтан қаласының шеф-аспаздар гильдиясының президенті - Имамниязов Рустам @ rustamchef, Қазақстан шеф-аспаздар қауымдастығының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласының Segafredo бренді - Штауб Сергей @sergeishtaub.
Рамазан Ешмухамбетов, осы іс-шара идеясының авторы: "Мен кәсіпті танымал еткім келеді, аспаздық өнер шеберлерінің командалық рухын көтергім келеді, сондықтан бәсекелестік сөздің жақсы мағынасында пайда болады", - деді.
Байқауға қатысу кезінде біздің студентті қолдауға "Тамақтандыруды ұйымдастыру" циклдік комиссиясының оқытушылары мен Русланның ата-аналары келді.
Бір қызығы, іс-шара барысында негізгі оқиғалар орын алатын ас үйден тікелей эфир өтті. Сонымен қатар, демеушілер мен баттл ұйымдастырушыларының коллаборация негізінде дегустация, мастер-класс, ұтыс ойындары өткізілді.
Іс-шара өте қызықты, салауатты бәсекелестік рухы бар, танымдық сәттерге толы болды.