Волейболдан қалалық спартакиада
Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің волейболдан қыздар құрама командасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты Спартакиадасы шеңберінде қыздар арасында волейболдан қалалық жарысқа қатысты.
Жарыс 2020 жылдың 12-17 ақпан аралығында өткізілді. Қаланың 24 колледждер арасынан іріктеуден сәтті өткен - біздің құрама, жартылай финалға шығып, жүлделі үшінші орынға ие болды. "Маркетинг" мамандығының 3 курс студенті Кемелова Ажар команданың «Үздік ойыншысы» атанды.
Бұл студенттер мен дене тәрбиесі оқытушылары жұмысының нәтижесі. Алдағы уақытта жеңістер тілей отырып, Біздің спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!