Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2020 жылдың 14 ақпанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Кәсіби құзыреттілік - заманауи маманның жүйелі қалыптасқан сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Нұр-Сұлтан қаласының Маслихат Депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының КММ «Білім беруді жаңғырту орталығы»,

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлері Палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлері Палатасы, ҚЕАҚ «Кәсіпқор Холдингі», Нұр-Сұлтан қаласының КММ «Жұмыспен қамту» орталығының өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестері: Консорциум «Беркат», ЖШС «КенМарт», ЖШС «МЕТРО Cash & Carry», «Центрсофт» Компаниясы, ЖШС «1С-Батыр», “Radisson Hotel, Astana”, “Park Inn by Radisson Hotel, Astana” отельдері , Нұр-Сұлтан қаласының Гастрономия лидерлерінің бас-аспаздар клубының басшыларының қатысуымен өткізілді.

Аталған іс-шара барысында дуалды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында колледж әлеуметтік серіктестерімен бірлесе отырып, студенттерді кәсіби икемді, практикалық бағдарланған заман талабына сай маман етіп даярлау мәселелі талқыланды. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестер базасында кәсіптік практикадан өттіп,жұмысшы мамандықтарын игерген студенттер теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибие қалыптастырған біліктіліктері үшін өз тәлімгерлеріне алғыс білдірді.

Колледждің жаңа әлеуметтік серіктері «Скиф трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Ресбупликалық қоғамдық бірлестік «Гастрономия лидерлері» бас-аспаздар клубымен дуалды оқыту негізінде студенттерді кәсіптік практикадан өткізуге арналған келісім шартқа қол қойды.

Іс-шара соңында жастарды білікті маман етіп қалыптасуына өз үлестерін қосқан әлеуметтік серіктестерді және ата-аналар мен студенттерді Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлері Палатасы мен колледж атынан дайындалған Алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.