"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты декадасы
03.02.2020 жылы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде өзін-өзі тану оқытушылары С. М. Құндызбекова, Е. М. Петько және С. Ж. Смаилова "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты декада онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру
бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның презентациясы дайындалды. Сонымен қатар, декада барысында жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат жеткізілді. Онкүндік 3-13 ақпан аралығында өтеді.
Іш-шараның мақсаты: "Өзін-өзі тану" пәні арқылы адамгершілік — рухани тәрбиені қалыптастыру - әрбір адамның өмірінде рухани, адамгершілік, ар-ождан, мейірімділік, құрмет, адалдық, борыш көзі.