«Кондитер» біліктілігін табыстайтын демонстративті емтихан
2020 жылдың 16 қаңтарында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экномикалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ОП-9-17-1 топ студенттері ІІІ дәрежелі «Кондитер» біліктігін табыстайтын демонстративті емтихан тапсырды.
Демонстративті емтихан комиссия мүшелері:
Заикин Д.А.- «Radisson Hotel, Astana» және «Park Inn» отельдерінің су-шефі;
Бондарцева Е.В.- «Radisson Hotel, Astana» және «Park Inn» отельдерінің бас кондитері;
Есембаева Д.Е.- «Tika Cakе» кондитерлігінің басшысы.
Қазтұтынуодағының жоғары сауда экономикалық колледжі жоғары көрсетілген комиссия мүшелеріне жастардың біліктіліктерін арттырып, құзыметті маман дайындауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.