Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 
  • 002Banner001.png
  • 003_1300x600-toheight-90-astana.2.jpg
  • 006_1300x600-toheight-90-stud_opt.jpg
  • 007_1300x600-toheight-90-labs.jpg
  • 008_1300x600-toheight-90-auds.jpg
  • 009_1300x600-toheight-90-032.jpg
Жасанды интеллект
2026 Жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті (ЖИ) кең көлемде енгізу мақсатында қабылданды.

Колледж миссиясы

Экономика, сервис және ақпараттық технология салалары бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметін іске асыру.

Материалдық-техникалық база

Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базасымен, кәсіби педагогикалық ұжыммен, сенімді әлеуметтік серіктестермен, қаланың ең үздік тәжірибелік оқыту базасымен қамтамасыз етілген.

9
Компьютер сыныбы
24
Интерактивті тақта
400
Орынды жатақхана
1
Ақпараттық-білім беру орталығы
✓
Спорт залы мен алаңдар
✓
Медпункт & Асхана
Мамандықтар

Колледж миссиясы

Еліміздің мүддесі үшін экономика, қызмет көрсету және ақпараттық технология салалары бойынша әлеуеттік серіктестермен бірігіп, кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті, оң (позитивті) қасиеттерге ие, құзырлы мамандарды даярлауға бағытталған білім беру қызметін жүзеге асыру.

Колледж мүддесі

Ғылыми-әдістемелік жұмыстармен, халықаралық қатынастар және әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтастықта көрсетілетін білім беру қызметінің жоғары сапасы арқасында Қазақстандағы және халықаралық білім беру кеңістігінде танылған колледжге айналу.

Біздің әлеуметтік серіктестер

    Оқу-өндірістік іс-тәжірибе

Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттерін тәжірибелік оқыту замануи еңбек нарығында құзіретті мамандар дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Колледжде оқу және өндірістік іс-тәжірибе жүргізіледі. 

    Кәсіби оқытудың негізгі міндеттері:

-теориялық оқытудың замануи өндіріспен байланысын қамтамасыз ету;

- мамандық бойынша қажетті дағдылар мен практикалық жұмыс тәжірибесін игеру;

- студенттердің бейімделу үрдісін қысқарту және кәсіби қызмет дағдыларын дамыту;

- колледжді бітірген соң студенттерді жұмыспен қамтуға жағдайлар жасау.

   Мамандық бойынша оқу іс-тәжірибесі таңдалған мамандық бойынша білім алушылардың жалпы және кәсіби құзіреттілігін меңгеруде бастапқы практикалық тәжірибені игеру мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Оқу іс-тәжірибесі мамандықтар бойынша колледж қабырғасыныңоқу-тәжірибелік зертханаларда өтеді. 

  Өндірісітік іс-тәжірибе мамандықтар бойынша колледждің әлеуметтік  серіктестерінің базасында өтеді. Өндірістік іс-тәжірибе таңдалған мамандық бойынша студенттердің практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеру, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Колледжде өндірістік іс-тәжірибе ұйымдастыру мен өткізу үшін Астана қаласының базалық кәсіпорындары және ұйымдарымен келісімшарт жасау бойынша үлкен жұмыс жасалады: 

    «Маркетинг» мамандығы бойынша:

1. «БЕРКАТ» консорциумы;

2. «СКИФ трейд» ЖШС (SMOLL супермаркеттер желісі);

3. «Магнум Cash & Carry» ЖШС;

4. «МетроCash&Carry» ЖШС;

5. «Жеті Аспан»ЖШС  (Galmart супермаркеттер желісі);

6. «Балалар әлемі – Қазақстан» ЖШС

    «Тамақтанудыұйымдастыру» мамандығы бойынша:

1. Radisson Hotel, Astana;

2. Park Inn by Radisson Astana;

3. «Гастрономия лидерлері шеф-аспаздар клубы» РҚҚ;

4. «Мол дастархан» ЖШС  ( «Избушка» асханалар желісі);

5. «Тәп-тәтті» ЖШС;

6. «CoffeeBoom» кофейнялар желісі;

7. «Home Bakery» ЖК;

8. УмаровЖК(Көктем кафесі);

9. «Мастер-Кондитер» ЖШС;

10. «АРКА»ЖШС («Фархи» мейрамханалар желісі);

11. «Del Papa» ЖШС.

    «Есепжәне аудит» мамандығы бойынша:

1. «Сервис-аудит» ЖШС;

2. «1С-Батыр» ЖШС;

3. «Tiny» ЖШС;

4. «ПСН Нур-Султан 15» ЖШС;

5. «АПБА- Аудит» ЖШС;

6. «Accounting Service Quality» ЖШС.

    «Бағдарламалыққамсыздандыру» мамандығы бойынша:

1. «Первый БИТ Астана» ЖШС;

2. «WELLDONECompany» ЖШС;

3. «Кыргызстан-Астана» ҚҚ;

4. «1С: Франчайзинг Астана» ЖШС;

5. «MMS Group» ЖШС;

6. «АВС design» ЖШС;

7. «Жеті Аспан» ЖШС(Galmart супермаркеттер желісі).

   Өндірістік іс-тәжірибе өткізу кезінде студенттерге жетекшілер бекітіледі. Іс-тәжірибе жетекшілері колледж атынан кәсіпорындардан (ұйымдар) іс-тәжірибе жетекшілерімен байланыс орнатады, іс-тәжірибенің үлгілік оқу бағдарламасын құрастырады, әдістемелік ұсыныстар дайындайды, кәсіпорындар (жұмыс орны) бойынша студенттерді таратуға қатысады, іс-тәжірибенің жүргізілуін қадағалайды, есеп беру кезінде әдістемелік көмек береді.

   Өндірістік іс-тәжірибе нәтижесі бойынша тәжірибенің құжаттарын рәсімделуі және презентациялық материалдардың ұсынылуымен есеп беруді қорғау өткізіледі.

Суюндикова Салтанат Отызбаевна
Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары
телефон +7 (717) 250-18-35
 

 

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

 

 

 

Ішкі категориялар

3 бет. Барлығы: 3

  • 250x150-toheight-90-1c_batyr.png
  • 250x150-toheight-90-arta.png
  • 250x150-toheight-90-asa.png
  • 250x150-toheight-90-berkat.png
  • 250x150-toheight-90-centr_soft.png
  • 250x150-toheight-90-gal_mart.png
  • 250x150-toheight-90-metro.png
  • 250x150-toheight-90-nat.png

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.