Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2023 жылғы  20 қыркүйекте  Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Тілдер апталығы аясында тіл мамандары - Садыкова А.Р, Нуртазина Н.Н, «Маркетинг» мамандығының  М-9-22-3 тобы студенттеріне  «Іскерлік ойындар» тақырыбына сыныптан тыс шеберлік сабағын өткізді.

Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кәсіптік модуль бойынша тіл және арнайы пән деңгейін ұштастыра отырып, тәжірибеде қолдануға үйрету.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» атты тіл апталығы аясында «Шахмат – ақыл-ой спорты, мақал – мәтел – сөздің інжу маржаны» турнирі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің шахмат спортына деген қызығушылығын арттыру, шахматты жеке спорт түрі ретінде насихаттау. Студенттер шахмат ойынын ойнап, тіл маржаны – мақал-мәтелдерді жатқа айтты.

Іс-шараның нәтижесінде:

І орын М-11-23-2 тобының студенті Абсаметов Ансар;

ІІ орын ЕА-9-23-2 тобының студенті Айтбаев Бегзат;

ІІІ орын ЕТ-9-23-2 тобының студенті Рамазан Ансар иеленді.

Студенттер мадақтамамен марапатталды.

2023 жылдың 22 қыркүйегінде педагог Бисимбаева Гаухар Танатовна 1 курс студенттерінің М-9-23-1 тобында орыс әдебиеті пәнінен Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты М.Ю. Лермонтов жазған алғашқы орыс психологиялық романымен – "Герой нашего времени" танысу болды. Сабақ барысында студенттер жеке есепте де (My Quiz викторинасы) және топтық жұмыста да өздерін көрсетті. Сабақ ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен есте қалды: Mural бірлескен жұмыс тақтасы, мәтіні бар планшеттер, топтық жұмыс үшін ноутбуктер, студенттердің бейнеролигі. Білім беру топтары шығарманың көңіл-күйіне еніп, өз жолымен басты кейіпкердің бейнесін аша алды.

   2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Тілдер апталығы аясында тіл мамандары - Садыкова А.Р, Оспанова А.М және М-9-23-3, БҚЕ-9-23-2 тобының студенттері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына барды. Бұл күні студенттер мұрағаттық-жазбаша, баспа материалдарын, кино және бейнелеу құжаттарын, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттарын көрді. Студенттердің Тұңғыш Президент мұражайына мәдени сапары жоғары деңгейде өтті. Экскурсия өте мазмұнды және танымды болды.

2023 жылдың 22 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында 2023 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында өткізілген «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» атты тіл апталығының қорытынды кеші өткізілді.
Кеш «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты әдеби-поэзиялық іс-шарамен басталды. Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Суюндикова Салтанат Отызбаевна құттықтау сөз сөйлеп, апталық барысында өткізілген іс-шаралар нәтижесіне тоқталып, креативті тәсілмен ұйымдастырылып өткізілген апталыққа оң бағасын берді.

40 бет. Барлығы: 62

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.