Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Меморандум

ҚЖСӘК халықаралық ынтымақтастық

Көрші елдермен ынтымақтастық

Шет елдермен ынтымақтастық

РЕСЕЙ

Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі 2018 жылы Екатеринбург сауда-экономикалық колледжі ГБ ПО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға және 2019 жылы Новосибирск облыстық тұтынушылар одағы Н.А.Косыгин атындағы «Новосибирск кооперативтік колледжі» ПЭИ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды меңгеру аясында 2019 жылдың наурыз айында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы 21 ОП тобының студенті Жуварова Жанель, 23 ОП тобының студенттері Захарьянов Рудольф және Орловская Юлия Екатеринбург қаласындағы Екатеринбург сауда-экономикалық колледжі және П.П. Бажовтың 140 жылдығына, Екатеринбург сауда-экономикалық колледжінің 95 жылдығына және Екатеринбург қаласы Ленин ауданының 85 жылдығына арналған «Жаңа Орал тағамдары» халықаралық фестиваліне қатысты.

Шара нәтижесінде Жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттері «Жаңа Орал тағамдары» фестивалінде идеяның шығармашылығы үшін «Уралочка» номинациясы дипломына ие болды.

 «Халықаралық ынтымақтастық» кластерін жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 27 мамыр - 7  маусым аралығында Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 10 студенті және 2 арнайы пән оқытушысы Нұр-Сұлтан қаласы, Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжіне келді. Ресей Федерациясынан келген студенттер колледждің әлеуметтік серіктесі Астана қаласы RadissonHotel және ParkInnHotel базасында өндірістік практикадан өтіп, студенттер мен оқытушылар әртүрлі іс-шараларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, Қазақстанның ұлттық тағамдарымен танысты.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 11 студенті және 2 арнайы пән оқытушысы РФ Екатеринбург қаласында Ресей Федерациясы Екатеринбург сауда-экономикалық колледжінің әлеуметтік серіктестері негізінде өндірістік тәжірибеден және тағылымдамадан өтті. 2019 жылдың 9-20 қазан аралығында түрлі деңгейдегі мейрамханаларда кәсіби шеберлік сабақтарына қатысты.

Сондай-ақ, студенттеріміз «Аспаздық өнердегі жастарға шеберлік, шығармашылық, ізденіс» халықаралық фестиваліне қатысып, тиісті Сертификаттарға ие болды.

2. 2021 жылы ZOOM онлайн платформасында Қазақстан Республикасы, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Әдістемелік орталық» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі әлем: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: тәжірибе алмасу үшін ақпараттық алаң ұйымдастыру және конференция тақырыбы бойынша өзекті ғылыми-практикалық мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастыру.

Конференцияға Қазақстан Республикасының оқу орындарының, Ресей Федерациясының орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, студенттері, сонымен қатар мектеп оқушылары қатысты.

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

2022 жылдың қарашасында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі мен Самарқанд қаласы Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҰЛЫБРИТАНИЯ

2022 жылдың қазан айында халықаралық кеңістіктегі ынтымақтастық шеңберінде білім беру үдерісін одан әрі жүзеге асыру бойынша Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі Қазақстан Республикасы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Capital City College Group» (Лондон) халықаралық жобасына қатысты.

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.