Президент Жарлығы – 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды.
"Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құқықтық актіде.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы кәсіптік білім беруді реформалаудың маңыздылығын 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Президент Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
Колледж миссиясы – экономика, сервис және ақпараттық технология салалары бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметін іске асыру.
Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базасымен, кәсіби педагогикалық ұжыммен, сенімді әлеуметтік серіктестермен, қаланың ең үздік тәжірибелік оқыту базасымен қамтамасыз етілген. Колледжде 9 компьютер сыныбы, ақпараттық-білім орталығы, 24 интерактивті тақта, оқырман залы, спорт залы, спорттық алаңдар бар. Колледждің 400 орынды жатақханасы бар. Жатақханада медициналық пункт жұмыс істейді. Оқу корпусында тамақтану орындары бар.
Колледж миссиясы
Еліміздің мүддесі үшін экономика, қызмет көрсету және ақпараттық технология салалары бойынша әлеуеттік серіктестермен бірігіп, кәсіб міндеттерді шешуге қабілетті, оң (позитивті) қасиеттерге ие, құзырлы мамандарды даярлауға бағытталған білім беру қызметін жүзеге асыру.
Колледж мүддесі
Ғылыми-әдістмелік жұмыстармен, халықаралық қатынастар және әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтастықта көрсетілетін білім беру қызметкерінің жоғары сапасы арқасында Қазақстандағы және халықаралық білім беру кеңістігінде танылған колледжге айналу.